Қазақстанға пиғылы теріс ресейліктердің тізімі бар

/image/2023/10/12/crop-0_0_338x600_102421014800.jpeg

Ведомствода өткен брифингте БАҚ өкілдері Айбек Смадияровтан: «Миллиондаған аудиториясы бар танымал ресейлік эндокринолог Ресей Қазақстанға шабуылдауға мәжбүр деген пікір білдірді. Сыртқы істер министрлігі мұндай видеоларды зерделей ме? Ол персона нон грата тізіміне қосыла ма?» деп сұраған болатын.

Бұл сұраққа Айбек Смадияров:

  • Миллиондаған аудиториясы бар эндокринолог дәрігерге менен дұғай-дұғай сәлем айтыңыз. Ол қажетсіз дүниелерді айтудың орнына мамандығымен айналысып, адамдарды емдегені жөн. Ресеймен қарым-қатынасымыз өте жақсы, тату көршіміз. Дос, стратегиялық серіктестмемлекеттер ретінде жұмыс істейміз», – деп жауап берді. 

 

Сондай-ақ журналистердің «Қазақстан жайлы теріс пиғылды пікір білдіретін адамдардың тізіміне қатысты сұрағына СІМ ресми өкілі: «Әрине, біз мұндай тізім жүргіземіз. Бірақ, ол жұмыс тізімі және оны жария етпейміз. Санын да айта алмаймын. Мұндай адамдарға шекара жабылады, елімізге кіре алмайды» деген жауабын берді.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи