«АрселорМиттал Теміртау» басшысы күніне 1 млн теңге жалақы алған

/image/2023/10/30/crop-7_2_163x290_bez-nazvaniya-2.jpg

Finance.kz Telegram арнасында «Компания өзінің басқарушысы Палаватху Кришнан Наир Биджуға 2021 жылы 375,9 миллион теңге жалақы төлеген. Мұны айға есептесек, 31,3 миллион, күніне 1 миллион теңге. 2022 жылғы деректер жоқ, компания оларды жай ғана қаржылық есептілік депозитарийінің порталына жүктемеген. Бірақ қаржылық есептер 31 тамызға дейін болуы тиіс болған», – делінген.

 2020 жылы Палаватху Кришнан Наир Биджу 344 миллион теңге алыпты. 2019 жылы оның алдындағы басқарушысы Парамжит Сингх Калонға 328 миллион теңге төлеген. 

Сонымен қатар Телеграм-арна 2022 жылдың тамызында берілген соңғы есепке сәйкес 2021 жылы компанияның таза пайдасы 215 миллиард теңге болғанын хабарлады.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи