Бұрынғы вице-министр Жандос Нұрмағамбетов 2021 жылдың желтоқсанынан бері қызметте болды. Ведомство ақпаратқа пікір білдіріп, ол ақпараттың жалған екенін, шенеуніктің жұмыстан босатылғанын хабарлады. Сондай-ақ энергетика министрлігі басшылығымен қақтығысы туралы қауесеттерді жоққа шығарды.
"Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов 16 қарашадан 15 желтоқсанға дейін еңбек демалысында, кейін басқа жұмысқа ауысуына байланысты жұмыстан босатылады. Желіде таралған вице-министр мен ведомство басшылығы арасындағы жанжал туралы ақпарат шындыққа жанаспайды" делінген ведомство хабарламасында.
P.S. Жандос Нұрмағанбетов 2021 жылдың 13 желтоқсанында энергетика вице-министрі болды.
Оставить комментарий