«Қорқыт» фильмі көрсетіледі

/image/2023/12/14/crop-27_2_924x1231_de874340-1e11-4563-aaac-403141c2c206.jpeg

Телехикая түсірілімі Алматы облысы мен Өзбекстан Республикасындағы Хиуа, Ферғана, Бұқара қалаларында өтті. Туындыны қазақ, өзбек, қырғыз киногерлері бірігіп, түсірген.

Сериалда Қорқыттың бала кезі, бозбала шағы,ересек кезі мен қарт болғанына дейінгі өмір жолы көрсетіледі. Түрлі тылсым оқиға қамтылған сериалды түсіруге шамамен 2 жарым жылдай уақыт кеткен.

Телехикая сюжетінде Қорқыттың дүниеге келуі, балалық шағы, жеткіншек кезінен сәуегей, абыз ретінде қалыптасу жолы көрсетіледі. Телехикая сценарийі әлемдік деңгейде зерттелген «Қорқыт ата» кітабына және халық арасындағы аңыздарға негізделген.

Қорқыт фильмінен суреттер

Жобаның тарихи кеңесшісі – этнограф Берік Жүсіп. Редакторы – Болат Жетекбай. Продюсері – Шолпан Батырбаева. Қорқыттың әр кезеңдегі рөлдерін Дінислам Нұрмағамбет, Әділ Ахметов және Айдос Бектемір сомдайды. Сонымен қоса, негізгі тарихи рөлдерді Еркебұлан Дайыров, Зарина Кармен, Медғат Өмірәлі ойнайды. Сериалда қырғыздың атақты манасшысы Рысбай Исақов пен танымал актер Аскат Сулаймановтың рөлдері бар.

 Еске сала кетейік, Режиссер Қанағат Мұстафин бастаған шығармашылық топ 4 бөлімнен тұратын тарихи телехикаяның түсірілім жұмыстарын өткен жылдың қыркүйек айында бастаған. Өзбекстанның Хиуа қаласындағы тарихи кадрлар қаңтар айында түсірілді.

Тарихи фильм 16, 17 желтоқсан күндері сағат 14:40-та Qazaqstan ұлттық арнасының эфирінен көрсетіледі.

Оставить комментарий

Связанные Статьи