«Қазақ тілі» қорына – 100 миллион теңге

/image/2023/12/21/crop-0_9_439x780_dulat.jpeg

Көпшілік кәсіпкер Дулат Тастекейді қазақ тілінің жаншыры жақсы таниды. Ол өзі басқаратын компанияда қызметкерлердің қазақ тілінде сөйлеуін талап етіп қана қоймай, қазақ тілінің дамуына қатысты жобаларға демеушілік білдіріп келеді. сондай-ақ ол орыс тілдеріндегі іс-қағаздарды да қазақшалаған.

 

  • Тілін жоғалтқан халықтың болашағы құрдымға кетеетіні ащы да болса, ақиқат. «Ұлт санасы – тіл» деп тегі айтылмаған. Сол себепті, сан ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егеменді ел атанған Қазақстан мемлекетінің нышаны – ана тілімізді бүкіл тіршілігіміздің түп қазығына айналдыру әрбір ұлтжанды азаматтың басты міндеті. Мен ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасын қолдап, жаңадан құрылған Qazaq Tili Endowment қорына ASSYLTAS қоғамдық қорынан 100 млн.теңге аударатынымды хабарлаймын, – дейді Дулат Тастекей.

 Бұл қордың басты міндеті – мемлекеттік тілді қолдау және дамытумен айналысатын еліміздегі ең ірі ұйым – "Қазақ тілі" қоғамының тұрақты әрі ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз ету. Сондай-ақ Эндаумент қорындағы жиналған қаржы жұмсалмайды. Қордағы қаражат басқаруға беріледі және инвестицияға құйылады. Инвестициялық қызметінен түскен табыс "Қазақ тілі" қоғамының жарғылық міндеттеріне жұмсалады.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи