Энергетика министрлігі дизель отыны тапшылығын болдырмаудың жолын тапты

/image/2024/02/15/crop-103_2_427x569_063005305500.jpg

Энергетика министрлігі "Бағасы мемлекеттік реттеуге жататын  стационарлық жанар-жағармай құю бекеттеріндегі мұнай өнімдерін өткізуде бөлшек саудадағы шекті бағаларды белгілеу туралы" бұйрыққа тиісті түзетулер енгізетін нормативтік жобаны әзірледі. 

Аталған жобаға сәйкес, дизель отынының (жазғы, маусымаралық) барлығына (қазақстандықтар үшін де, шетел азаматтары үшін де) 1 литрі 295 теңге болуы тиіс.

Құжатты әзірлеген мамандар бүгінгі таңда елімізде жанар-жағармай шығаратын зауыттар мен мұнай базаларында дизель отынын таратпай, тежеу ұстап фактісі кездесетінін айтады. Себебі өндірушіге тауарын қымбатқа өткізу әлдеқайда тиімді. Ал өз кезегінде бұл жайт тапшылықты қолдан тудыруға ықпал етуде. Сондықтан ел азаматтары шетелдік жүргізушілер үшін белгіленген бағамен дизель отынын қымбатқа сатып алуға мәжбүр.

Айта кетсек, бүгіндері шетелдік көлік иелері үшін жазғы дизель отынының құны 450 теңге, ал қазақстандықтар үшін 295 теңге.

Жоба 2024 жылғы 28 ақпанға дейін қоғамдық талқы үшін "Ашық НҚА" сайтына орналастырылды.

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи