Әлеуметтік желіде балаларға жасалған шабуылдың видеосы пайда болды. Оқиға Жамбыл ауданындағы ауылдардың бірінде болғаны хабарланды. Ер адам жергілікті тұрғындардың үйіне баса-көктеп кіріп, ондағы кішкентай балаларға күш көрсетіп, ұрып-соғып, тамағына пышақ тақап қорқыта бастаған. Балалардың айқайына көршілері жүгіріп келгенде, олардың аяқ-қолы байланғанын көргені айтылады. Зардап шеккендердің айтуынша, Бақытжан есімді біреу үйге басып кірген.
Облыстық Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов бұл іс полицияның ерекше бақылауында екенін айтады.
-Кішкентай балаларға жасалған шабуыл туралы арыз бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті анықталды. Оны ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. Облыстың барлық аудандық бөлімшелері мен облыстық полиция органдарына бағыт-бағдар берілді, - деді Бауыржан Әленов.
Оставить комментарий