Қаралы хабарды мәдениет саласының адамдары әлеуметтік желіде бөлісіп, марқұмның туған-туыстарына көңіл айтуда.
"...Ешқашан еңбегін бұлдауды білмейтін, өзін ұлы өнердің құлақкесті құлындай санаған қарапайым қалпында, ешкімге салмақ салмай, бойына пендешілік жуытпаған күйі, жүзінен ойнақы күлкі арылмаған жарқын бейнесінде жадымызда қалды. Күн секілді күлімдеп, айналасын шуаққа бөлеп жүретін абзал аға еді.
Қазақ кинорежиссурасында Шәкен Айманов, Сұлтан Қожықов, Абдолла Қарсақбаев, Мәжит Бегалин сынды алыптар шоғыры болды. Талай классикалық дүниелер қалдырды. Осы ұлылардың жолын жалғаған, жандарында жүріп тәлім алған, қазақы туындыларымен ұлт өнеріне үлес қосқан буын да бірте-бірте мәңгілік мекендеріне көшіп жатыр. Шәріп Бейсембаев, Амангелді Тәжібаев, енді міне – Серік Жармұхамедов...
Түсірген кинотуындылары қандай ойлы да сырлы, өзі соншалық қарапайым һәм шынайы адам еді. Таза адам еді. Біздің қазіргі қоғамда мұндай тұлғаларды қадірлей білу жетіспей жататыны да қынжылтпай қоймайды. Алла алдынан жарылқасын дейміз", деп жазды желіде әдебиет сыншы Сәкен Сыбанбай.
Оставить комментарий