Қайғылы оқиға 23 ақпанда сағат 12:30-да Ақшатау ауылынан 10 шақырым қашықтықта болған. Полиция Mercedes-AMG CLS 63 пен "ГАЗель" көлігінің қақтығысқанын нақтылайды.
"Апат салдарынан Mercedes-AMG CLS 63 көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, оның жанындағы жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. "ГАЗель" автокөлігі толығымен өртеніп кетті. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - делінген құзырлы ведомство хабарламасында.
Айта кетсек, Петр Васильченко - Қарағандыдағы "Орион" нан-тоқаш өнімдерін пісіретін ірі фирманың қожайыны. Ол 2022 жылдың мамырында "Балқаш Нан" наубайхана комбинатын сатып алған болатын.
Оставить комментарий