Ескерту: E-gov уақытша істемей қалуы мүмкін

/image/2024/02/27/crop-10_7_572x762_ep.jpg

"Бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты 2024 жылы 29 ақпанда сағат 22:00-ден 2:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізілетін болады. Осы уақыт аралығында қысқа мерзімде бірқатар жобалар қолжетімсіз болуы мүмкін", делінген хабарламада. 

Қысқа мерзімде істемей тұруы ықтимал жобалар қатарына мыналар жатқызылады:

  • egov.kz порталы мен оның компоненттері;
  • egov Mobile мобильді қосымшасы;
  • "Е-нотариат" бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі;
  • "Техникалық байқау" бірыңғай ақпараттық жүйесі;
  • "e-Otinish"электрондық өтініштер сервисі;
  • және "Ұлттық ақпараттық технологиялар "АҚ сүйемелдейтін басқа да ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік дерекқорлар.

Айта кетсек, Қазақстан 1 наурыздан бастап бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді. 19 қаңтарда үкімет Қазақстанның барлық аумағында UTC+5 уақыт белдеуін енгізу туралы қаулыны бекітті. Оған сәйкес, 1 наурызда сағат 00:00-де Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Костанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері жергілікті уақытты бір сағатқа артқа жылжытуы тиіс.

Оставить комментарий

Связанные Статьи