Қазақстан ядролық қарусыздану жөніндегі екі форумға төрағалық етеді

/image/2024/02/28/crop-181_8_703x938_murat.jpg

 ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу еліміздің биыл екі форум төрағасы болатынын жеткізді:

  • Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың Шолу конференциясының екінші дайындық комитеті;
  • Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың үшінші конференциясына.

Бұл туралы министр Женевада өткен Биологиялық қаруға тыйым салу туралы конвенцияда мәлім етті. Ол халықаралық делегацияларды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру туралы бастамасын іске асыру бойынша бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Мұхтар Нұртілеу ХЕҰ Бас директорына ҚР Президенті Тоқаевтың атынан 2024 жылдың маусым айында өтетін Астана халықаралық форумына шақыруды табыс етті.

 

Айта кетсек, Қарусыздану жөніндегі конференция (ҚК) БҰҰ Бас Ассамблеясының 1978 жылы өткен қарусыздану жөніндегі бірінші арнайы сессиясының шешімімен 1979 жылы құрылды. ҚК – «ондық» комитетінің (1960), «он сегіз» комитетінің (1962-1968), Қарусыздану комитеті конференциясының (1969-1978) мұрагері болды. Қазіргі уақытта 65 мемлекет Қарусыздану жөніндегі конференция мүшелері болып табылады. Конференция дәстүрлі түрде Женевадағы (Швейцария) БҰҰ Ұлттар сарайында отырыстар өткізеді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи