Қазақстандық дизельді-электр локомотивтер Моңғолияға жеткізіле бастады

/image/2024/03/01/crop-58_27_1375x2444_dji_0013.00_00_20_07.still001-3-1-scaled.jpg

Өткен жылы отандық теміржол өнімдерінің экспорты кеңейіп, Қазақстанда өндірілген дизельді-электр локомотивтерінің алғашқы 4 данасы Моңғолияға жеткізілді. Аталмыш локомотивтердің әрқайсысының құны 4 миллион доллардан асады.

Бүгінде отандық локомотивтерге Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Молдова, Әзірбайжан және Түрікменстан елдері қызығушылық танытып отыр.

Дизельді электр локомотивінде қозғалтқыш тұрақты ток генераторын немесе айнымалы ток түзеткіш электр генераторын іске қосады.

«Қазақстанда дизельді-электр локомотивтерін «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ және «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС кәсіпорындары шығарады. Әр кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 100 бірлік техниканы құрайды» деп хабарлады Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі.   

Оставить комментарий

Связанные Статьи