Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, тіршілікті қамтамасыз етудің барлық жүйесі іске қосылған. Қалалық полиция бөлімі штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ барлық мектеп мен балабақшада ашық, жиналу пункттері жұмыс істеп тұр.
"Жедел жәрдем қызметі мен барлық көпсалалы аурухана, соның ішінде мамандандырылған аурухана, балалар ауруханалары, перзентханалар жұмысы жақсартылған режимде ұйымдастырылған. Сенімсіз ақпаратты таратпауды сұраймыз. Тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз" делінген хабарламада.
Оставить комментарий