ТЖМ Алматыдағы жер сілкінісінен кейінгі жағдай туралы айтты

/image/2024/03/04/crop-14_5_508x902_article_40365.jpg Фото Ашық дереккөзден алынды

Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта ғимараттар мен құрылыстарды, жол инфрақұрылымын, гидротехникалық құрылыстарды тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.

Халықты қабылдау пункттеріне 1329 адам жүгінген.

Алматыда 384 қабылдау пункті құрылды: 229 мектеп пен 115 балабақша, 15 ЖОО, 20 колледж және 5 стадион.

Халықты қабылдау пункттерінде 371 адам, оның ішінде 39 бала бар.

Связанные Статьи