Нәби Айтжанов Қазақстанның 2023 жылғы электр энергиясын тұтынысы 115,06 млрд кВт/сағатты құрағанын және 2022 жылмен салыстырғанда ол 1,9%-ға артқанын жеткізді.
"Электр энергиясын өндіру 2022 жылғы деңгейде қалып, 112,82 млрд кВт/сағатты құрады. Өткен жылы ең көп тұтыныс 13 желтоқсанда тіркеліп, 16 626 МВт-ты құрады, бұл 2022 жылғы ең жоғары деңгейден 167 МВт-қа жоғары. Бұл ретте электр генерациясы 15 107 МВт құрады, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 96 МВт-қа төмен. Осылайша, 2023 жылы жүктеме артқанда Қазақстанның электр станцияларының генерациясында төмендеу байқалды. Тұтыныс пен генерацияның осы көрсеткіштерін есепке алғанда, электр қуатының тапшылығы 1519 МВт құрады, оның орны Ресей Федерациясынан жоспардан тыс тасымалдау арқылы жабылды", – деді ол.
Оставить комментарий