Мерзімді басылымдарды жоғалтып жатырмыз – вице-министр

/image/2024/03/28/crop-101_0_672x896_20240127151458864_big.jpg

Мәжілісте «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарын, оның ішінде баспа басылымдарын мемлекеттік қолдау» заң жобасы талқылануда.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов дөңгелек үстел барысында мерзімді басылымдардың бүгінгі жағдайына тоқталды. Оның сөзінше, мерзімді басылымдарды жоғалтып жатырмыз.

991 жылы ресми тіркелген БАҚ саны – 350 еді. Қазір 4 мыңға жуығы тіркелген. Соның 70%-ы баспа басылымдары. Көбісінің саны бар, бірақ мерзімінде шығып отырған жоқ, - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ ол жаңа заң жобасының негізінде газетке жазылушылардың санын көбейту үшін жұмыс жасау керектігін айтады.

-Заң жобасындағы басты стратегиялық мәселелерге тоқталсам. Ең бастысы журналистің мәртебесі. Депутаттардың бастамасымен сотқа беру жылы 1 жылға дейін қысқартылды. Екіншіден журналистерді қорғау мәселесі. Төтенше жағдай орын алғанда тиісті құралдармен жабдықтау. Үшіншіден – ақпараттық қауіпсіздік деген секілді өзгерістер енгізілген. Біз жұмысты жалғастырып жатырмыз, - деп атап өтті.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи