Толассыз жауған жаңбырдан кейін Алматыда не болды?

/image/2024/03/29/crop-1_0_168x299_images-3.jpg

ТЖМ мәліметінше, 28 наурызда кешке қарай Алматыда ауа райы күрт нашарлап, екпінді жел 18-24 м/с дейінгі жылдамдыққа дейін жетіп, нөсер жаңбыр жауғанына байланысты қаланың барлық ТЖ қызметі мен коммуналдық кәсіпорыны күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылған.

38 жеке үйдің аулалары мен төрт көшенің жекелеген учаскелерін су басқан. Азаматтық қорғау қызметтері мен жергілікті атқарушы органдар су басу салдарын уақтылы жоюда.

"Қазіргі уақытта қаладағы жағдай тұрақты. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істейді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарда.

Төтенше жағдайлар департаменті кеше, 28 наурызда 112 желісіне тұрғындардан ағаштардың құлағаны бойынша – (көліктерге 13 жағдай, ғимараттарға – 2 жағдай, газ құбырларына – 3 жағдай) қоңырау түскенін хабарлады. Қоңырауларға жедел жуап беру мақсатында қалалық төтенше жағдайлар бөлімінде сенім телефоны ашылып, 112 оператор қызмет көрсеткен. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи