"Прокуратура жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын сақтауына ерекше назар аударады. «Қадағалау іс-шаралары барысында Ақмола облысының денешынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Оқжетпес» ПВХ футбол клубы жанындағы МКҚК-ның 160 қызметкерге жалпы сомасы 425 миллион теңге жалақы берешегі бар екені анықталды», - дейді прокуратура хабарламасында.
Қазіргі таңда прокурорлық қадағалау актісі бойынша қызметкерлерге берешегі толығымен өтеліп, кінәлі тұлғалар заңмен белгіленген жауапкершілікке тартылды.
Оставить комментарий