БҚО-да тұрғындарға көмектесіп жүрген құтқарушыға ер адам пышақ сұққан

/image/2024/04/01/crop-86_2_430x765_671rbvp8.png

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмектесіп жүрген 26 жастағы құтқарушыны ер адам пышақтаған. 

Оқиға Қазталов ауданы Жалпақтал ауылының маңында болды. Жедел деректер бойынша, жергілікті тұрғындарға көмек көрсету бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу барысында Қараөзен өзенінің жағасында 26 жастағы азаматтық қорғау сержанты жараланды. 

Ол аудандық ауруханаға кеуде аймағындағы екі пышақ жарақатымен жеткізілді. Науқас дәрігерлердің бақылауында.

Полицияның мәліметінше, шабуылдаушы ішімдік ішкен күйінде болған. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи