Қ.Бишімбаев өз сот процесінде әлдебір экстрасенске жүгінгені туралы айтқан еді. Осыған орай, саясаттанушы Досым Сәтбаев қазақстандық шенеуніктердің қандай деңгейде екенін көрсетіп бергенін айтады. Сонымен қатар саясаттанушы Бишімбаевтың әрекетін Оңтүстік Кореяның бұрынғы басшысы Пак Кын Хэнің әрекетімен салыстырады. «Ескі Қазақстанда Бишімбаев сияқтылар билікке керек болды. Былай қарасаң, білімді, интеллектуал сияқты көрінеді. Алайда ондайларда адами қасиет жоқ. Ескі Қазақстанның билік өкілдері дуа жасап, қара магиямен айналысты»,-дейді саясаттанушы.
Оставить комментарий