Осыдан екі-үш күн бұрын жоғалған әкесі мен баласын құтқарушылар әлі іздестіріп жатыр. Бұл мәйітке олардың қатысы жоқ.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 9 сәуір сағат 12:27 шамасында дүкендердің бірінің жанынан ер адамның мәйіті табылды. Мәйіттің кімдікі екені әлі белгісіз.
Ал 6 сәуір күні "үйін қарап келуге кеткен" әкесі мен ұлы әлі табылдмады. Бірақ бұл мәйіттің оларға қатысы жоқ екені мәлім болды.
"Біз әлі іздеп жатырмыз. Бірақ мәйіт жоғалған адамға да, ұлына да тиесілі емес" деп түсіндірді Төтенше жағдайлар департаменті.
Оставить комментарий