Қызылордада көкпардан ҚР чемпионаты өтіп жатыр

/image/2024/04/23/crop-120_15_584x1039_photo_2021-04-23_13-59-50.jpg

Қызылордада көкпардан ересектер арасында Қазақстан Республикасының XXIII чемпионаты басталды.

Көкпарға Абай, Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Жетісу облыстарының, Астана және Шымкент қалаларының құрама командалары, сондай-ақ Орталық армия спорт клубының командасы қатысады.

Чемпионаттың алғашқы ойынында Ұлытау облысы – Армия спорт клубы, Қостанай облысы – Атырау облысы, Астана қаласы – Қарағанды облысы, Алматы облысы – Маңғыстау облысы, Түркістан облысы – СҚО, Ақмола облысы – Шымкент қаласы, Абай облысы – Жамбыл облысы, Жетісу облысы – Қызылорда облысы командалар арасында топтық жарыстар өтті.

Жарыстың келесі кезеңдері, яғни, көкпардан Қазақстан Республикасы чемпионатының финалы 29 сәуірде өтеді.

Еске сала кетсек, Республикалық көкпар федерациясы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Қауымдастық құрамында бұдан өзге, бәйге, аударыспақ, теңге ілу, садақ ату, жамбы ату, құсбегілік, асық ату, «JORYQ» ат спорты және т.б. федерациялар бар. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығын белгілі кәсіпкер, меценат, «Altyn Qyran Foundation» Қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов басқарады.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи