"И" және "X" азаматтары жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция саламыз деген сылтаумен жеке тұлғалардан ақша тарту мақсатында, "Eolus" қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны анықталды. Салымшылардың қаражаты криптовалютаға аударылып, "energyeolus.info" платформасына аударылды. Залал сомасы шамамен 10 млн теңгені құрады.
Сотта мемлекеттік айыптаушы бірбеткейлікті ұстана отырып, жасаған қылмыс бойынша сотталушылардың кінәсі мен мүліктің жасалған қылмыс нәтижесінде пайда болуын дәлелдеген.
Сот үкімімен "И" және "X" деген азаматтар кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге азаматтардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты мүлкі тәркіленіп, қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, тиісінше 4 жыл және 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Оставить комментарий