«Қазақстан Теміржолы» компаниясының хабарлауынша, «Жолаушылар тасымалы» басшылары және Сиань қаласы үкіметінің делегациясы қызметтік кездесу барысында Сиань қаласынан Алматыға халықаралық туристік жолаушылар пойызын іске қосуды ұйымдастыру мәселелерін талқылады.
Туристік пойыздың жүруі «Үрімші – Алматы-2» қатынасындағы №103/104 жолаушылар пойызының кестесі бойынша Қорғас-Алтынкөл шекаралық өткелі арқылы жүзеге асырылады.
Пойыз Алматы-2 станциясында бірнеше күн болады. Осы уақыт ішінде қазақстандық тарап жолаушылар үшін теміржол вокзалында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етіп, мәдени шараларды ұйымдастыруға жәрдемдесетін болады.
Оставить комментарий