Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Мәжілісте өткен Үкімет сағатында еліміздегі тұрмыстық техника өндірісі қалай дамитынын айтты.
"2025 жылға қарай тұрмыстық техника өндірісін 360 мың бірлікке дейін (Silk Road Electronics – 301 470, Almaty turmystyq tehnika зауыты – 60 000), 160 мың бірлікке дейін жеңіл автомобильдер ("СарыаркаАвтоПром" ЖШС – 110 мың және "Hyundai Trans Kazakhstan" ЖШС – 50 мың автомобильдер), сондай-ақ теміржол машина жасау тауарлары: 100 бірлікке дейінгі жолаушылар вагондары (ЗИКСТО), локомотивтер 120 бірл (Электровоз құрастыру зауыты – 44 бірлік, Локомотив құрастыру зауыты – 90 бірлік), 500 данаға дейін платформалар (ЗИКСТО), 1,5 мың бірлікке дейін жартылай вагондар (КВК) ұлғайту жоспарланып отыр. Орта мерзімді перспективада салада Екібастұзда темір жол кластерін одан әрі дамыту міндеті тұр", - деді министр.
Бұдан бөлек Қанат Шарлапаев Саран қаласындағы тұрмыстық техника өндірісіне жеке тоқталды.
Оставить комментарий