Бүгін Астанада әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі оқылды.
Жоғарғы соттың шешімімен Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған қылмыстық кодекстің "қинау" және "аса қатігездікпен адам өлтіру" баптарымен айып тағылған.
Ал осы іс бойынша екінші айыпталушы Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Тараптардың үкімге шағым түсіруге 15 күн уақыты бар.
Оставить комментарий