Алматы облысындағы колония басшысы қамауға алынды

/image/2024/05/14/crop-9_6_665x1182_9ax5aeuzgrxgwffvgjk0ylktzscoou5pkphculdi.jpg

Қадағалау органының хабарлауынша, сотталғандар букмекерлік кеңселер мен онлайн казинолар арқылы онлайн-сатып алу, несие рәсімдеу және құмар ойындарға қатысу үшін ұялы телефон пайдаланған, олардың жалпы айналымы үш миллиард теңгеден асты.

"№10 мекемесіндегі сотталғандар ұялы телефондар қолдана отырып, рұқсат етілген және рұқсат етілмеген заттарды мекеме қабырғасында отырып-ақ саудалаған. Осы фактіге байланысты Алматы облысының прокуратурасы 361-баптың 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қылмыстық кодекстің 1-бабы (қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану) бойынша Іле аудандық соты аталған мекеменің үш қызметкерін түрлі жазаға кесті", - деп хабарлады прокуратура.

Сонымен қатар, облыс прокуратурасы №12  және №57 мекеме қызметкерлеріне қатысты қылмыстық кодекстің 361-бабы 2-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап, №57 мекеме басшысы қамауға алынды.

"Анықталған фактілер қылмыстық-атқару жүйесінде, оның ішінде мекеме қызметкерлерінің өздерінің қатысуымен жүргізіліп жатқан заң бұзушылықтарды көрсетеді", - деп толықтырды ведомство.

Оставить комментарий

Связанные Статьи