АҚШ-та қазақ фильмі топ жарды

/uploads/thumbnail/20170708151213848_small.jpg

Қазақстандық режиссер Серік Апырымовтың туындысы «Бауыр» фильмі АҚШ-тың Калифорния штатында өткен 2-шы Халықаралық кинофестивальде «Шығыс Еуропа елдерінің ең үздік фильмі» атанды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

Режиссер Серік Апырымов солтүстікамерикандықтарға төл шығармасын өзі ұсынып, Fess Parker - A Doubletree by Hilton Resort болған салтанатты марапаттау рәсіміне қатысты.

30  қаңтар мен 9 ақпан аралығында өткен бұл фестивальде қазақ режиссерінің картинасымен жүлде үшін  Мирослав Мандичтің (Словения, Хорватия)«Адрия блюз»; Виктор Таустың (Словакия, Люксембург, Чехия, Финляндия) «Сайқымазақтар»; Игнас Ионинастың (Литва, Латвия) «Ойыншы»; Тудор Кристиан Жургиудің (Румыния) «Яжапон иті»; Яцек Бромскийдің (Польша) «Айға билет» және Элис Неллистің (Чехия) «Жаңару» фильмдері таласқа түскен еді.

Халықаралық деңгейдегі өнер бәсекесінде әділқазылар алқасының құрамында аталмыш шараның негізін қалаушы Филлис де Пиччиотто, режиссер Мими деГруй, автор Тельма Адамс, актриса Арнетт Дженс Зербе, актер Энтони Зербе, монтажер Артур Шмидт, актер Алан Тик, продюсер Тед Хоуп, композитор Адам Гуттел пен актриса Фрэнсис Фишер болды.

«Бауыр» фильмінің әлемдік премьерасы 70-ші Венециядағы Халықаралық кинофестиваль аясында өтті. Ізінше картина «Еуразия» IX халықаралық кинофестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасында көрсетіліп, бірден үздік режиссура марапатын және НЕТПАК жүлдесін иеленді. Өткен жылғы күзде фильм Австрияда өткен Viennale халықаралық кинофестиваліне қатысқан.

Санта-Барбарада халықаралық кинофестиваль 1985 жылдан бері өткізіліп келеді.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи