Ақ олимпиада: конькиші Кузиннен үміт көп

/uploads/thumbnail/20170708151214091_small.jpg

Бүгiн Сочиде конькимен жүгiруден әлем чемпионы қазақстандық Денис Кузин 1000 метрлiк қашықтықта жарыс жолына шығып, Олимпиада медалiне таласып көретiн болады, -деп  хабарлайды  ҚазАқпарат.

Қазақстандықтар оған үлкен сенiм артып отыр. Себебi 1000 метрлiк сайыс оның ең оңтайлы қашықтығы саналады. 2013 жылы Жапонияда өткен Әлем чемпионатында дәл осы әдiсте ол алғаш рет чемпион атанды. Сонымен қатар Әлем Кубогiнiң кезеңiнде жеңiс тұғырынан көрінді.

Денис Кузин - ҚР еңбек сiңiрген спортшысы. Алты дүркiн Қазақстан чемпионы, Азия ойындарының жеңiмпазы. Онымен бiрге бұл күнi тағы екi қазақстандық - Александр Жигин мен Федор Мезенцев мұзға шығады. Жарыс «Адлер-Арена» стадионында Астана уақытымен сағат 20.00-де басталады.

Связанные Статьи