Болат Бопайұлы Кеңсай зиратында жерленеді

/uploads/thumbnail/20250319142325344_big.webp

Ғалым, Этнограф, қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрпы, ұлттық болмысы туралы ұшан теңіз еңбектердің авторы, жазушы Болат Бопайұлы 18.03.2025 мезгілсіз қаза болды. Ұлт деп соққан Ұлы жүрек қасиетті рамазан айында соғуын тоқтатты. Болат Бопайұлы 01.01.1960 Алтай аймағы, Көктоғай ауданында дүниеге келген. 

Ардақты Бөкең саналы ғұмырын Алаштың оқу-ағарту саласына арнап, күні кешеге дейін қолынан қаламы түскен жоқ. Жалпы саны 65 кітап жазды. Марқұмның жаназасы ертең 20.03.2025 сағат 12:30-да Алматыдағы Қонаев мешітінде шығарылады. Кеңсай зиратына жерленеді. Құран хатым мен Жеті нәзірі ертең яғни 20.03.2025 “Алтын палас” ресторанында 17:30-да өтеді.

Әлеуметтік желіде жазбаларымен бөлісіп, қайғымызбен ортақтасқан, хат-хабар алысқан барша Қазақ еліне алғысымыз шексіз. Сондай-ақ Марқұмның соңғы жұмыстарына жанашырлықпен жәрдемдескені үшін Алматы қаласы әкімшілігіне, Алматы облысы әкімшілігіне ризашылығымызды білдіреміз. 

Құрметпен, ағайын-туыстары, дос-жарандары, отбасы

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи