Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда ресми түрде хабарлады.
Анықтама ретінде:
Руслан Жақсылықов 2022 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметін атқарған. Аталған лауазымнан ол 2024 жылғы 8 маусымда босатылды.