Көлік министрі: Қазақстанда жаңа такси сервисі қосылады

/uploads/thumbnail/20250819144142817_big.webp

ҚР Көлік министрі елімізде «Яндекс.Такси» сервисімен нарықта бәсеке қалыптастыратын сервис керек екенін айтты. Оның айтуынша, эстониялық Bolt компаниясы Қазақстанда жұмысын бастауды жоспарлап отыр. 

 

«Bolt компаниясы нарыққа кіріп жатыр. Олар алдымен электросамокаттан бастап таксиге сатылы түрде көшеді. Қазір «Яндекске» нарықта InDrivе компаниясы да бәсеке жасап келе жатыр», - деді министр.

 

Министр «Яндекс. Такси» сервисінің қазақстандық нарықта жетекші ойыншы екенін және олардың бағасы расында қымбат екенін айтты. Бірақ нарықтағы такси бағасын министрлік реттей алмайтынын да түсіндіріп өтті.

Связанные теги :

Связанные Статьи