Прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады

/uploads/thumbnail/20250919152713117_big.webp

Биыл ұлттық және діни араздықты қоздыру дерегі бойынша 11 адам сотталды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпараттық агенттігі. 

Астана прокуратурасы мәліметінше, осындай жағдайдың бірінде елорда тұрғыны TikTok желісінде тікелей эфирде әдепсіз сөздерді қолданып, басқа ұлтқа қатысты бұрыс пікір білдірген.

"11 адамға қатысты сот актілері заңды күшіне енді", - деп жазылған хабарламада.

Қала прокуратурасы әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздырғаны үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылғанын, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделгенін еске салды.

Связанные Статьи