Алдағы 6-7 жылда Алматыдағы зираттарда адам жерлейтін орын қалмайды. Бұл туралы Қалалық коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы хабарлады.
Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы мәліметінше, қазіргі уақытта қалада 70 зират бар, оның 61-і қала әкімі қаулысының негізінде жабылған.
"Қалған зираттардағы бос аумақтар 60 гектар болады, олар алдын ала есеп бойынша алдағы 6-7 жыл ішінде толып қалады", – деп хабарлады басқарма өкілдері.
Басқармада Алматыда жаңа зираттар қай жерде және қашан ашылатыны және олардың қанша орынға есептелетіні нақтыланбады.