«Бұл жала!». Мирболат Мырзатайұлы түрмеден хат жазды

/uploads/thumbnail/20250924145704292_big.webp

Фейсбук әлеуметтік желісінде журналист Мирболат Мырзатайұлының түрмеден жазған хаты жарияланды. Хатында журналист жазықсыз жала жабылғанын жазған. 

«Армысыздар, ағайын! Маған тағылған тіл төңірегіндегі айып - «жаптым жала, жактым күйе» негізінде кұрастырылған деп ойлаймын. Өйткені ІД әлеуметтік желіні саралаған болып, аяқасты кұрастырылған іс екені айдан анық көрініп тұр.

Олардың пайымдауынша, «қазақша сөйлеу қылмыс болса», мен-ақ қылмыскер болайын...
«Журналистік зерттеулер агенттігінің» жұмысы анасын сатқан, жерін сатқан опасыздарға ұнамай қалса керек. Негізінде олардың шірік әрекеттерінің астарында сөз бостандығын тұншықтыру жатыр.

Ана тілімізді қолдап, жер-анамызды қорғап түрмеге қамалу - түсінген адамға үлкен абырой. Заманында Алаш арыстарымыз өз өмірлерін осы жолда құрбан етті ғой. 1986 жылы желтоқсанда көтерілген жастарымыз да сол үшін жан беріп, жан алысты.

Кешегі Қаңтарда да талай адам өмірін қиды. Не үшін? Мұндай жанқиярлықта болашақ ұрпақ өз жеріңде, өз тілінде емін-еркін сөйлеп, бай-қуатты болса деген бір ғана кағида бар сияқты маған. Сондықтан сын сағатта мені қолдап келген барлық желтоқсандықтар мен халық белсенділеріне айтар алғысым шексіз. Күш - бірлікте!», деп жазды Мирболат Мырзатайұлы өзінің хатында. 

Бұған дейін Мирболат Мырзатайұлының 2 айға қамалғаны хабарланған. Оған Қылмыстық кодекстің 174-бабы, бірінші бөлігі бойынша (әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) айып тағылған.

Связанные Статьи