Арбаға таңылғанды аяқтан тұрғызған - Жасарат дәрігер (арнайы репортаж)

/uploads/thumbnail/20250929181304987_big.webp

Қытайдағы қазақ дәрігері Жасарат Жәлелұлы табаны 17  жыл бойы жерге тимеген Алхар есімді жігітті аяққа тұрғызған. Тағы бір еңбектеп келген кісінің еңсесін түзепті. Науқастың өзі қалай жүріп кеткенін айтып қуанып тұр. Бірнеше жыл бұрын сынған қолына қайта ота жасатуға келген азаматқа өзге дәрігерлер «аяғын кесеміз» деген. Ал Жасарат дәрігер науқастың қарая бастаған сүйегін аман алып қалған. Қазір қуаныштан секіріп ойнап жүр. 

Бұл – Алматы-Үрімші сапарында сұхбат алған Жасарат Жәлелұлының алдына ем іздеп барған науқастардың қысқаша оқиғасы. Осыдан 11 жыл бұрын Қытайдағы қазақ дәрігері туралы “Қамшы” порталы көлемді материал әзірлеген еді. Әлі күнге дейін Жасарат дәрігерді іздейтін оқырмандарымыздың  өтінішін арқалап, Қытайға қайта бардық. 

Жасарат Жәлелұлы – заманауи медицинаға бірнеше емдеу тәсілін енгізген  білікті дәрігер. Оның кейбір әдісі Америкада патенттелген. Ол киіз үй формальды ота жасау, қазақы саптама етікпен өкше тарамысының үзілуін пышақ тигізбей емдеу секілді медициналық тың әдіс-тәсілдерді ойлап тапқан. Бұдан бөлек ұршығы шыққан балаларды гипсқа байламастан өз-өзінен емделуіне мүмкіндік беретін тағы бір құрал шығарған. 

Байқасаңыз, Жасарат Жәлелұлының медицинаға енгізген әр тәсілінен қазақтың иісі шығып тұрады. Заман дамыған сайын ізденуін тоқтатпаған Қытайдағы қазақ дәрігері туралы арнайы репортажды сілтемеге өтіп көріңіздер.

Связанные Статьи