Шерзат ісі бойынша төрт куәгер жауапқа тартылмайтын болды

/uploads/thumbnail/20251014112054689_big.webp

Шерзат ісі бойынша жауапқа тартылған 4 куәгер жазаланбайтын болды. Бұл туралы адвокат Мейірман Шөкеев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

Адвокат сотқа куәгер ретінде қатысқан Эльмира Нұрбекова, Дана Жақсыгелді, Юлдаш Розыбакиве пен Арлан Қазыкенов жауапқа тартылатыны туралы жалған ақпарат тарағанын айтты. 

- Осы істің басты қорғаушысы ретінде бұл мәліметтерді құқық қорғау органдарының бізге берген жауабы негізінде жоққа шығарамын. Себебі 5 маусымда қабылданған жеке қаулы Алматы облысының прокуратурасында ақпараттық есепке тіркеліп, одан ары қарай процессуалдық шешім қабылдау үшін Алматы облысы полиция департаментіне жолданған. Ал полиция департаменті өз кезегінде жекеше қаулыда көрсетілген заң бұзушылықтарды тексеру барысында, “Розыбакиев, Қазыкенов, Жақсыкелді және Нұрбекованың іс-әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы анықталмады және 30 тамызда жиналған іс құжаттары қараусыз қалдырылып, жинақтау папкасына жолданды” деп жауап берген. Бұл жауапқа қатысты біздің өз пікіріміз болашақта айтылатын болады. Бүгінгі шынайы ақпарат осы, деді адвокат Мейірман Шекеев. 

Связанные Статьи