Димаш Құдайберген мұнай және энергетика саласының сарапшысы Олжас Байділдиновтің қазақ тіліне қатысты мәлімдемесіне қарсы пікір білдірді. Бұл туралы Қазақстанның халық әртісі өзінің Instagram парақшасында жазды.
"Біз, қазақтар, әлемнің барлық тілдерін құрметтейміз. Бірақ құрмет өзіңнен басталады. Өз тілінен ұялып, өзгенің мақұлдауына ұмтылған адам сөзін емес – тамырын жоғалтады. Олжас, сен сияқты арандатушыны жұмыстан шығарады деп үміттенемін, өйткені сен қорқақ кішкентай бала сияқтысың. Сен қазақша білмегендіктен қазақ тілінде жазбадым", – деп жазды Димаш Құдайберген.
Еске салсақ бұған дейін Олжас Байділдаев ресейлік БАҚ-қа берген сұхбатында соңғы уақытта қоғамда мемлекеттік тіл – қазақ тілінің қолданылу ауқымы артып келе жатқанын және бұған қатысты шара қолдану керегін айтқан болатын.