Мұқағали туралы жаңа қойылым

/uploads/thumbnail/20170708151216992_small.jpg

   Ақпан айының 20,21, 22  күні  Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында мұзбалақ ақын  Мұқағали Мақатаевқа  арналған  жаңа қойылым «Мен, Ұмытылмаймын!» лирикалық драмасының тұсаукесері болады.

   Спектакльдің қоюшы режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері Балтабай Сейітмамытұлының пікірін білген едік: "Жалпы, Мұқағалиды оқымайтын қазақ жоқ, әлі күнге дейін ҚазҰУ университетінде Мұқағалидың фанаттары бар, сол туралы өлең жазып,  өлең жаттап жүрген жастар көп. Менің айтайын дегенім бұл спектакльде – өмірінің соңғы сәттері суреттеледі. Оның қасында жүрген Музасы, Әкесі, Қаракиімді, достары бейнеленеді. Өзінің өмірінің соңғы уақыттарында есеп беріп беріп отырған сияқты: «Мен не істедім?» деген сұраққа жауап іздейді. Ешкімді кінәламайды, бәрін өзінен көреді.  Жақсы мен жаманды, адал мен арамды шатастырып жүрген өзім, әттең кеш деп өкінетіні бар. Бұл жерде басты кейіпкерлер Мұқағали, дәрігер, медбике. Мұқағалидың айтып кеткен сөзі есіме түсіп отыр: «Мені қазір түсінетін кім бар, білмеймін оны, мен ХХІ ғасырдың құрдастарымын, ал ХХІІ ғасырда мен оларға туыс болып келемін» ,- деген.

Кешегі дүниеден өткен Фариза Оңғарсынова апамызда Мұқағалидың мұңын тыңдап, Мұқағалиды жырлап кеткен ақын апамыз. Біздің мақсат - Мұқағалиды қайта тірілту, қайта жандыру, халқымен қауыштыру, сөйлету, үндестіру.

Ал, Мұқағали рөлінде ойнайтын актер Бейбіт Камаранов былай дейді: 

Мұқағали Мақатаевтың өмірін 1,5 жарым сағатқа сыйдыру мүмкін емес. Балтабай Сейітмамытұлы ағамыздың алып отырған тақырыбы – Мұқағалидың соңғы күндерінің бір күнін көрсету. Ол бір сағаттық болуы мүмкін, 5 минуттық болуы мүмкін немесе жай ойланып кетуі мүмкін тақырыпта алынған нәрсе, міне соған мен барынша ат салысу үстіндемін. Бірақ бәрі емес, сол арқылы ақынның өткен өмірін сахналық қойылым арқылы беріп көрсек деген ой. Мұнда тек қана өзі туралы, өзінің ойлары халыққа, достарына. Екі кейіпкер ғана бар: қара киімді мен музасы. Ал, мен үшін Мұқағалиды ойнау өте қиынға түспек. Бүгінгі кезде дайындық үстіндеміз, тұсаукесер кезінде халық бағасын бере жатар деймін. Уақытында көре жатарсыз деген ойдамын.

Гүлназ Әділғалиқызы

Оставить комментарий

Связанные Статьи