Сирияда соғысып жүрген қазақтар туралы түсiрiлген ғаламтордағы фильмдi сiз көрдiңiз бе? Фильмде қаз-қаз басқан құртақандай сәбилерге дейiн қамтылғанына қарап өз басым осы екiұдай күйде қалдым. Бейкүнә сәбилер өздерiнiң от пен оқтың ортасында жүргенiн бiлмейдi ғой?! Әлi оң-солын танып үлгермеген жас балалар бiр-бiрiмен жарыса жаттығып жатқаны жаныңды жабырқатады. Не үшiн жаттығып жатыр, соғысу үшiн бе, адам өлтiру үшiн бе? Бойыңды бiр әкелiк аяушылық сезiм шарпиды. Ал “жихад үшiн өмiрiмiздi қиямыз, жұмақтың төрiнен орын аламыз” деп сөйлеп тұрған жiгiттiң сөзiнде сенiмсiздiк байқалады. Камераға тiктеп көз салмайды, төменшiктей бередi. Неге? Фильмнiң соңғы жағында қолына қару ұстап тұрып сөйлеген жiгiттiң даусында бiр дiрiл бар, бет-әлпетiнен шарасыздықты, мәжбүрлiктi байқайсың. Алды да, арты да – от, тап бiр өрт iшiнде шарасыз халде тұрған жан сияқты. “Ендi бiзге бұдан басқа жол жоқ” дегендi аңғарасың. Қорқыныш та, үрей де жоқ, шарасыздық, амалсыздық, тағдырына деген өкiнiштiң табы бар.
Оставить комментарий