Украина АҚШ ұсынған "бейбітшілік жоспарына" елеулі өзгерістер енгізді

/uploads/thumbnail/20251125003631773_big.webp

Украина АҚШ ұсынған қақтығысты тоқтату жоспарына елеулі өзгерістер енгізді. Британиялық The Guardian басылымының ақпаратына сәйкес, бұл туралы келіссөздерге қатысқан дереккөздер хабарлаған. Бастапқыда 28 тармақтан тұрған құжаттан Ресейдің бірқатар қатаң талаптары алынып тасталды.

Алғашқы нұсқада Украина Донбастағы кейбір қалалардан әскерін әкетуі, армиясының санын шектеуі және НАТО-ға кірмеуі керек деген тармақтар болған. 28 тармақтан тұратын бастапқы АҚШ-Ресей жоспарын өткен айда Владимир Путиннің арнайы өкілі Кирилл Дмитриев және Трамптың өкілі Стив Виткофф жасаған.

Өткен жексенбіде Швейцарияда АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио, Украина президентінің кеңсесінің басшысы Андрей Ермак және басқа өкілдер қатысқан келіссөздерде бұл жоспар қайта жасақталып, 19 тармаққа дейін қысқарды.

Украина мен Еуропа елдері кез келген аумақтық келіссөздің негізі қазіргі майдан шебі болуы керек екенін атап өтті.

Сондай-ақ ақпараттар бойынша, Владимир Зеленский осы аптада АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуі мүмкін. Киев Еуропаның да келіссөздерге қатысқанын қалайды.

Связанные теги :

Связанные Статьи