Алматы мектептерінде «Таза мектеп –таза қоғам» кешенді жобасы жүзеге асырылатын болады

/uploads/thumbnail/20251122162837623_big.webp

Алматыда «Білім беру жүйесінің өзектімәселелері» тақырыбында білімбасқармасының кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов төрағалық етті. ОтырысқаПрокуратура, білім сапасын қамтамасыз етудепартаментінің, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің,полиция және төтенше жағдайлардепартаменттерінің өкілдері, сондай-ақмемлекеттік және жекеменшік мектептердің, мектеп-интернаттардың, қосымша білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Мәжіліс барысында білім беру ұйымдарында заңдылық пен қауіпсіздіктіқамтамасыз етуге жауапты салалықведомстволардың баяндамалары тыңдалды. Қатысушыларға бақылау-қадағалаушараларының қорытындылары, білімсапасының сыртқы бағалауының нәтижелері, профилактикалық және тәрбиелікжұмыстардың жай-күйі, санитарлық жәнеөрт қауіпсіздігі нормаларының сақталуытуралы есептер ұсынылды. Сонымен қатароқу үдерісіне жүргізілген кешендімониторингтің қорытындыларытаныстырылды. Жекелеген мектептердіңбасшылары анықталған заңбұзушылықтарбойынша түсініктеме беріп, оларды жоюмақсатында қабылданған шаралар туралыбаяндады.

 

Белгілі болғандай, бүгінгі таңда елімізде«Заң және тәртіп» қағидатына ерекше мәнберіліп отыр. Осыған байланысты Абзал Нүкеновтың айтуынша, «балаларғаадалдықты, қоғамдық өмірдің нормаларымен ережелерін мектеп қабырғасынан бастапдарыту қажет».

Сондай-ақ қала әкімінің орынбасарыинклюзивті білім беруді дамытудыңмаңыздылығына тоқталып, білім беру ұйымдарында әдістемелік және кадрлыққамтамасыз ету жұмыстарын күшейтудіұсынды.

Абзал Нүкенов педагогтарды, оның ішінде әсіресе жекеменшік мектептердіңмұғалімдерін оқыту үдерісіне барыншажауапкершілікпен қарап, сапалы білім беруді қамтамасыз етуге шақырды.

 

Қала әкімінің орынбасары құрамынааудан әкімдерінің орынбасарлары, мектепөкілдері, ювеналды полиция қызметкерлері, әлеуметтік қызметтер өкілдері кіретін жұмыстобын құруды ұсынды. Аталған топмектептердегі қауіпсіздік мәселелерібойынша алдын алу бағытында жұмыс істеп, қалалық құрылымдар арасындағыкоммуникацияны жолға қоюменайналысатын болады.

Кеңес қорытындысын шығара келе, Абзал Нүкенов оқушылар арасында тәрбиежұмысына және азаматтық құндылықтардықалыптастыруға бағытталған шараларғаерекше көңіл бөлудің қажеттігін атап өтті.

«Мемлекет балалардың білім алуынабарлық жағдай жасап отыр. Біз үшін еңбастысыжүзеге асырылып жатқанбағдарламалардың нақты нәтиже беруінқамтамасыз ету. Мектеп директорларыныңмойнында үлкен жауапкершілік тұр, сондықтан өз жұмыстарына сын көзбенқарап, туындаған мәселелерді дер кезіндешешуді сұраймын», – деді ол.

Отырыста өскелең ұрпақты «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экожобасынакеңінен тарту мәселесіне айрықша көңілбөлінді. Осыған орай Алматы қаласыәкімінің орынбасары қаладағы барлықмектептерде «Таза мектеп таза қоғам» бастамасын енгізуді тапсырды. Жобаныңнегізгі мақсатыбалалардың экологиялықмәдениетін қалыптастыру, қоршағанортаның тазалығына жеке жауапкершіліксезімін арттыру, әр адамның әділ әріэкологиялық тұрақты қоғам құрудағы рөлінтүсіндіру.

 

«орта тазалығы», «сана тазалығы» және «қол тазалығы» бұл өзара тұтасқан үшмақсат, және олар өскелең ұрпақтытәрбиелеудің басты қағидаттарына айналуытиіс, – деді ол.

Сонымен қатар, басым бағыттардыңқатарында қаржылық тәртіп, мемлекеттіксатып алудың ашықтығы, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау мәселелері де атапөтілді. Жасөспірімдер арасында заңбұзушылығының алдын алу да негізгітақырыптардың бірі болды. Бұл реттепедагогтар мен психологтардың бірлескенжұмысының маңызы ерекше екені атапөтілді. Қала әкімінің орынбасары көтерілгенмәселелерді шешу үшін нақты іс-шаралардықамтитын жол картасын әзірлеуді ұсындыжәне Алматының білім беру саласындакөшбасшы ретіндегі орнын сақтап қалуықажеттігін ерекше қадап айтты.

 

А.Нүкенов, сонымен бірге, балалардасыни ойлау дағдыларын қалыптастыру жәнеидеологиялық құндылықтарды нығайтуқажеттігіне назар аударды. Оның айтуынша, «Адал азамат» бағдарламасы жауапкершілігіжоғары азаматты тәрбиелеуде маңызды рөлатқарады.

Өз кезегінде Алматы қалалық Білімбасқармасының басшысы Сайран Сайфеденов тәрбие үдерісі ата-аналардыңбелсенді қатысуын талап ететінін тілге тиекетті.

«Бала отбасында не көрсе, соны бойынасіңіреді. Мектеп өз функцияларынорындайды, алайда мемлекет ата-ананыңорнын баса алмайды. Ортақ күш-жігер ғанадені сау, білімді әрі шығармашыл ұрпақтәрбиелеуге мүмкіндік береді», – деді ол.

Жиын қорытындысы бойынша білім беру үдерісінің сапасын арттыруға, ведомствоаралық өзара іс-қимылдыкүшейтуге, балалар үшін қауіпсіз әрі жайлыорта қалыптастыруға бағытталған нақтышараларды көздейтін резолюция қабылданды.

Связанные теги :

Связанные Статьи