«KMF» микрокредиттік ұйымы «KMF-Демеу» корпоративтік қорының қолдауымен «Қазақстан халқының қаржылық сауаттылығын арттыру» жобасын іске қосуда. Ол ағымдағы жылдың ішінде жүзеге асырылатын болады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.
KMF компаниясының 2013 жылдың сәуір айында жүргізген зерттеулерінің нәтижелеріне сәйкес, көптеген қазақстандықтардың қаржы саласындағы білімдері осы тұрғыдан дұрыс шешімдер қабылдау үшін жеткіліксіз болып жатады екен. Ал, адамдардың қаржылық қызметтерді пайдалану деңгейі жылдан жылға артып келеді.
Жобаның мақсаты - табысы төмен отбасылардың қаржылық жағдайының деңгейін, қаржы саласына қатысты білімдерін оларға семинарларға тегін қатысуға мүмкіндік беру арқылы көтеру.
Жоба әрбір жан өздігінен игеруі тиіс 10 семинардан тұрады ол және азаматтарға өздерін толғандыратын қаржылық мәселелерге толыққанды жауапты ұсынуға негізделген қаржылық сауаттылықты арттырудың инновациялық бағдарламасы түрінде әзірленген. Ол қазақ және орыс тілдерінде, мысалдармен, кестелермен безендіріліп берілген.
Осы тұрғыдан, қазіргі таңда «KMF» микрокредиттік ұйымының клиенттері үшін 10 000 астам семинарлар, ісін жаңадан ашқан кәсіпкерлер мен студенттер үшін 100-ден астам кездесулер мен қаржылық және басқа да шараларда 30-дан астам тренингтер өткізу жоспарланып отыр.
"ҚазАқпарат"
Оставить комментарий