Айтыс өнерінде бірде-бір қарсыласына дес бермей, әрдайым биіктен көрініп жүрген айтыскер-ақын Айнұр Тұрсынбаева Той beststar-дың төрінде тілдері балдай тәтті балапандармен айтысты. 7-сынып оқушысы Жаншырайдың: «Кредит алмай қазаққа, Қалай той жасауға болады» деген төте сұрағына Айнұрдың жауабы қандай болмақ? Қазақтың ақын қызы болашақта қандай бағдарлама ашпақ?
Әнші, композитор, Қазақстанның халық әртісі Алтынбек Қоразбаев Той beststarдың құрметті қонағы болып, қызық әңгімелерімен бөлісті. МАИ қызметкерлері Алтынбек ағамыздан неге қорқады? Барак Обама не үшін Қоразбаев мырзаға алғыс білдірді? Жауаптары қызық па? Той beststarды көріңіз! Алтынбек ағамыздың қызықты жұмбақ ойындар ойнау сәтіне де куә боласыз.Қазақ күресінен спорт шебері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, шығыс жекпе-жек түрлері бойынша Азия ойындарының күміс жүлдегері Руслан Әбдіразақов Той beststarда жілік шағудан өнер көрсетті. Тойфактор қонағы Меруерт Түсіпбаева Той beststarда 5 жұлдызды Той жұлдызы атанды. Себебі неде?Той beststarдың көрігін әсем әндерімен Айгүл Иманбаева, Ернар Айдар, Қыдырәлі мен Қарақат, «Каспий» қыздырды.Танымал актер Нұрхан Қадырбаев Той best starдың асабалық қызметін атқарды.
Осы сенбі кешкі сағат 19.25-те КТК телеарнасындағы Той beststarдың қызыққа толы санын жіберіп алмаңыздар.
Оставить комментарий