Ұлттық теңгеміздің құнсызданып, халық қайыршылыққа түскеннен кейін кеше мемлекет басшысы өткізген «үлкен басқосудың» данышпан Абай айтқандай: «Жартасқа бардым, Күнде айғай салдым, Одан дашығар жаңғырықтың» кері болып шыққанына тағы бір рет көзіміз жеткетті... Бүгінде халықтың көкейінде жүрген: -Неге ұлттық валютамыз құнсызданды? -Оған кім кінәлі? деген сұрақтарға мардымды жауап алынбады. Тек, халықты тағы бір рет алдаудың тамаша қойылымы өте «сәтті ойналды». Енді аналар қасақана қашқан бұл сұрақтарға біз жауап іздеп көрейік. Ең бірінші, «ұлттық валютамыз неге құнсызданды?» деген сұрақ төңірегінде. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алған кезеңнен бастап, бейресми деректерге қарағанда сырттан 145 миллиард АҚШ долларынан астам қарыз алынғаны белгілі. Осы уақыт аралығында осыншама көлемдегі қаржыны билік басында отырған кілең ұры-қары ұрлап, жымқырып, шетел асырған. Қолды болған осыншама қарызды олар қарапайым халықтың есебінен қайтармақ болды. Бұл әрекеттерінен түк шықпады. Ең алдымен кешегі отырыста осы қолды болған мол қаржы туралы бір адам жақ ашпады ғой. Соған қарап, тағы да қазақтың әйгілі «ұрының - арты қуыс» деген мақалы еріксіз еске түседі екен. Яғни, олар өздері жасаған «қылмыстарын» тағы бұл жолы да халықтан жасырып қалды. Шынында да бұларда бет жоқ екен! Сол қолды болған қаржыға осы 23 жыл ішінде бірде-бір жібі түзу өндіріс орындары салынбапты. Қазақстан әлі күнге тек шикізатқа тәуелді мемлекет болып қалуда. Ал, сол өзінен-өзі тегінге келіп жатқан шикізат: мұнай, газ таусылғанда, бұл ұры-қарылар не істемек? Жан-жаққа тырым-тырақай болып қашады. Болмаса, маңдайының соры бес елі Қазақты өзгенің құлдығына су тегінге бере салады. Сөйтіп, олар өздерінің қу жандарын сақтап қалуға әрекет жасайды. Мемлекет басшысының аузынан шыққан: «2050 стратегиясы», «30 ел», «140 ұлт", "Үш тұғырлы тіл", « ЭКСПО-2017», «Мәңгілік ел», «Қазақ Елі», «Қазақ Республикасы» деген ертегілер - сол ертегі күйінде қалады.
Бұл құл-құтандар, тексіздер - осы 23 жыл ішінде осы мемлекетті құрушы Қазақ Ұлтын қорлаумен ғана айналысты. 250 жылға созылған орыс бодандығы, 70 жылға созылған әкімшіл-әміршіл кеңес империясы жасамаған сұмдықты бұлар ширек ғасырға жетпейтін мерзім ішінде «артығымен» орындады. Қазақ тілінің тамырына балта шапты, Қазақты ана140 ұлттың қатарына дейін төмендетті. Осы мемлекеттегі үйсіз, күйсіз, тілсіз, дінсіз, қайыршы ұлт – жалғыз Қазақ қана. Енді бұл тексіздерге ана Америка үндістерін резервацияларға жібіргеніндей, Қазақтарды бір үңгірге қамау ғана қалды. Өздері құл - өзгені оңдыра ма? Қайран Қазақ Ұлтын құл дәрежесіне, мәңгүрт қалыпқа түсірді. Осы кешегі басқосу басынан аяғына дейін «ресми тілде» өтті. Бұл жиналыс тап бір Ресейдің бір губерниясында өтіп жатқандай әсер етті.
Өзі түбі солай болады да. Ана «Еуразиялық одақ» - орысқа құл болудың төте жолы. Ұлттық теңгенің құнсыздануы, Қазақтың қайыршыға айналуы, биліктің тек қана орыс тілінде сөйлеуі, міне, соның бұлтартпас дәлелі. Әдейі құнсыздандырылған ұлттық валютамыз - көп ұзамай орыс «рубліне» ауыстырылады. Мына мемлекет ұзағанда ана «Татарыстан» сияқты бір автономия ғана болып қалады. Әрине, мемлекеттік тіл - орыс тілі болады. Бұл тексіз билік, сөйтіп, өздері ұрлаған миллиардтаған доллардан қашып құтыламыз деп ойлайды. Сандалмасын, олар ешқашан да қашып құтыла алмайды. Түбі ұсталады, сотталады. Бірақ, Қазақ Ұлты аналарға құл, бодан болып қалады. Әрине, одан да зор қантөгіс пен қырғынның арқасында құтылармыз. Бірақ, Қазаққа ендігі тәуелсіздік - аса қымбатқа түседі!.. Кешегі мемлекеттік деңгейдегі бұл басқосу - данышпан қазақтың: «құм жиылып, тас болмас, құл жиылып,бас болмас» деген мақалының растығын тағы бір рет дәлелдеп шықты... Жұмаш КӨКБӨРІ 15.02.2014 жыл.
Оставить комментарий