Кеше ғана, атап айтқанда 2015 жылы 24 қарашада Орыстың Су -25 ұшағын Түрік сарбаздары атып түсіргені мәлім болды. Алайда бұл үлкен саяси ойынның бір ғана ценариі екенін көп адам біле бермесе керек. Әрине озбыр орыстың өзінің орта шығыстағы мүддесі мен ЕвроОдақ алдындағы байлық таласындағы қақтығысы Сирия жерінде жалғасқалы да 2 айдан асқаны белгілі. Құдайы көршіміздің батып кеткен таяғын ұмыта алмасақ та кейде шындық пен болашаққа шынайы көзбен қараған жөн секілді.
Тіптен, Грек ұшағы Түркия шекарасын жүздеген рет бұзғанда ештеңе демеген, АҚШ пен ирақ үкіметі және күрдттер Түркімендерді қынадай қырғанда көмектеспеген, шекарасына аттатпаған Ердоғанның күні кеше батыр болып шыға келуі кімге керек? Израйылдың ең мәртебелі ордендерінің бірін мойнына таққан Ердоғанның қысылтаяң сәтте жалаңаш патриоттық көрсетуі халықтың ықыласын алу үшін ғана керек. Мұндай Түрік болашағына зян келтіретін жалаңаш патриоттық емоцияға ғана керек. Бұл шын мәнінде саяси змяндық.
Шекара бұзған ұшақты ату – әрине дұрыс. Отанды қорғау. Алайда ату кім үшін пайдалы? Израиль мен АҚШ бастаған Батыс елдерінің саясаты үшін таптырмас орай. Түркі халқын орысқа айдап салып, қызығын өздері көрмек пе? Ал атпаса, түркі халқы тым болмаса аздаған нәпәқасынан айырылмас еді ғой. Оны шешудің басқа да дипломатиялық жолдары толып жатыр. Озбыр Орыстың аузында арпалысқан біз үшін Түркия енді ешқандай көмек бере алмайды. Бұл аянышты емес пе? Сауатты саясат ғана қашанда елді тығырықтан алып шығады. Елді жалаңаш патриоттық пен емоция құтқармайды, ағайын!
Ендеше Түркия кімнің шылауында?
Түрік билігі мен Түрік халқы екі басқа. Ең алдымен Түркия билігі мен АҚШ билігі өздеріне кедергі Ата Түріктің қалтырған әскери билігін құртты. Осылайша өздерінің биліктері мен мақсаттарына кедергі келтіретін ең үлкен кедергіні жойды. Бұл аты шулы «Эргонекен ісі» арқылы жүзеге асқан болатын.
Европа елдері мен АҚШ-тың Түркиядан айырыла бастауы ЦРУ-дің «Үлкен Таяу шығыс жоспарына» қатысы саяси жоспарын өзгертті. Жанталаса іске кіріскен батыс «күрд мәселесі» мен «армян генодцитін» ойлап тауып, Түркияның шамына тиді. Осылайша Күрд жасақтарырмен 40 жылдан артық соғысқан Түркия үкіметі НАТО мен АҚШ-тың қолтығына сүңгіп кетті. Енді бір жағынан түркі текті емес Ережеп Тайып Ердоғанның Түркия билігінің екі тізгін бір шылбырын қолына алуы «бет-бейнесі түрік патриоты секілді болғанмен саяси астары мүлде басқа», түркі халқының болашағын құрдымға жіберетін саяси жүйені құрды. Осылайша Батыс залымдары құрықты түркілердің ең қуатты мемлекеті Түркияға салды. Әрине, бұл Батыс залымдарының Араб әлемін тоздырығаннан кейінгі өздеріне тікендей қадалған Түркі әлемін құртуға бағыттаған зымян саясаты болатын. Міне, бұл Ердоған үкіметі арқылы жүзеге асуда.
Түрік армиясы АҚШ пен батыстың Таяу Шығыстағы саясатына қарсы болды. АҚШ армиясының Түркия арқылы Ираққа басып кіруіне кедергілік жасады. АҚШ «Эргенекон» ісі деген сылтаумен Ердоған арқылы түрік армиясының жүздеген генаралдарын түрмеге жауып, өш алуда. Негізі «Эргонокон» — бүкіл түркі халықтарына ортақ, мақтан тұтатын батырлық эпостың аты. Бұл эпоста түрік халқының қайтадан гүлденіп, күшті ел болғаны туралы айтылады. АҚШ түріктерді жеккөрнішті ету үшін «Эргенокон» деген атты пайдаланып, өзін АҚШ-тың «Үлкен Таяу Шығыс жоспарының» екінші жетекшісі ретінде жарялаған Ердоған жүздеген әскерилерді түрмеге жапты.
Түркия батыстың қысымына шыдас бере алмады. АҚШ-тың Ираққа басып кіруі, араб елдерінде саяси өзгерістерді іске асыруы Түркияның орта шығыстағы рөлін әлсіретіп ғана қоймай, мемлекеттік шекарасына қауіп төндірді. Амалсыз қалған түрік саяси билігі НАТО-мен ымыраласты. АҚШ қуыршағы Сауд-Арабияға жақындап, батыстың мүддесіне сай әрекет ете бастады. Мысалы, соңғы Сирия мәселесінде де АҚШ пен Израилдың қасынан табылды. Міне, бұл саясат Түркияның ұлттық қауіпсіздігіне аса үлкен қауіп төндіріп отыр. Ал бұған қарсы тұра алатын жалғыз көзір – Ата Түріктен мирас қалған Түркия Әскери билігі болатын. Алайда ол кедергіні Ердоған билігі тұншықтырып тастағаны белгілі.
Себебі, біріншіден, әсіре діншіл салафиттер мен діни фанаттықты саяси негізге алған араб түбегімен жақындасу Түркия халқының бірлігін бөлшектеп, этникалық ажырауды тудырып, КЕМАЛИСТІК идеологияны құртудың батыс жоспарлаған жобасы болатын. Бұл жерде бір айта кетерлігі, Ататүріктің «атеистік бағыт» ұстауы туралы айтылып жатқан айыптаулар батыстың зымиян саясатының жемісі. Шынын айтқанда, әсіре діншілдік пен діни фанаттық мұсылман елдерінің шаңырағын ортаға түсіретінін Ататүрік ерте білген. Бұл қасиетті құранда: «әсіре діншіл болмаңдар» деген Алланың пәрменімен ескертілгенін еске түсіреді. Әсіре діни жол шын мәнінде халықты улайтын апиын. Міне, осы саясатты батыс ұтымды пайдаланынып, арабтардың шаңырағын шағып, түріктердің аяғына қан түсіруде. Ататүріктің жолын ұстаған түрік патриоттары мен әсіре діншілдер арасында азаматтық соғыс туылса, түрік еліне орны толмас өкініш әкелуі мүмкін. Бұл жағдайда өзінің түрік нәсілінен емес, діншіл екенін айтқан Ердоғанның кімнің қасынан табылары айтпай–ақ белгілі.
Екіншіден, Ердоған басшылық еткен түрік саяси билігінің осы ұстанымы Түркияны Еуразиялық бірлікке ұмтылудан алыстатты. Түркішілдік идеясын негіз еткен түрік болашағына кері жұмыс жасады. Геосаяси жақтан ұтымды жол талдай алмады.
Үшіншіден, соңғы 20-30 жылдың ішіндегі түрік экономикасының аса қуатты өсімі – мемлекеттің саяси тұрақтылығына қызмет ете алмады. Негізі осы экономикалық қуатты Ресей мен Қазақстан және Орта Азия елдеріне бағыттап, Евроазиялық одақтың жұмысына жұмсағанда батыспен иық тіресіп тұра алар еді. Былайша айтқанда, европаны экономикалық серіктес ретінде қарап, Евроазияны саяси серіктес еткенде түріктердің бағы жанар ма еді?! Бұл жерде тағы бір айта кетер мәселе, экономикалық қуаттың күшті болуы ел ішінде тепе-теңдікті сақтап, мемлекеттің болшағы үшін жұмыс істеуі керек еді. Ал ұлттық болашаққа қажетті саясатты дұрыс жүргізе алмаған елде экономикалық өсім уақытша жетістік ретінде қаралады.
Төртіншіден, кезінде Мұстафа Кемал Ататүрік: «Түркияның басына күн туып, үкімет тіпті қарулы күштер мемлекетті қорғай алмаса қан тамырында түрік қаны ағып жатқан түрік жастары мемлекетті қалыпына келтіріп, құтқарып қалулары керек» деген өсиет қалдырған. Діншілдер мен Ататүріктің түрікшілдік өсиетін жақтаушылар үкіметтің кертартпа саясат салдарынан жауласа бастады. Радикалды исалмистердің жұмысы жанданып, этникалық топтар мен секталар асқынды. Қазіргі таңдағы жағдай Түркияда түрік жастарының басына үлкен жауапкершілік, ауыр міндет түскенін көрсетеді.
Бесіншіден, Түркияның Орта Азиядағы түркілердің қасынан табылғанда Орыс дарабилеушілігіне кәдімгідей қысым түсіріп, Қазақстан сынды елдердің сенімін арттырар еді. Алайда жағдай оның керісінше боп тұр.
Түркия саяси билігі кімнің қолында немесе Ердоған кім?
Батыс Түркия билігін қолға алдудың жоспарын мықтап ойластырған. Күрдтер мен Армяндардың, Иран мен Арабтардың және Еврейлердің тарихи Осман Түрік имериясынан кек алу мүмкіндігін тудырды. Оларды саясаттың құралына айналдырған.
Біріншіден, Ережеп Тайып Ердоған – әкесі жағынан Грузиядағы Румдердің ұрпағы, әйелі — еврей текті араб. Ал Абдуллах Гүлдің де түрік тектес емес екені туралы кітаптар жазылды. Осы Ердоған мен Гүлдің тектері туралы жазған кітаптары үшін Ергүн Пойраз түрмеге тоғытылды. Бір қызығы, Ердоған еврейлердің мүддесі үшін сіңірген үлкен еңбегіне қарымта ретінде еврейлердің ең жоғарғы дәрежелі ордені – «Ең жоғарғы дәрежеде қызмет еткені үшін» медалымен марапатталған бірінші түрік елінің басшысы және мұсылман елдерінің ішінде осы медалға ие болан бірінші шетелдік басшы.Оған шығыс Түркиядан шыққан діни азғындатқыш атағы бар ұлты белгісіз Фетхоллаһ Гүленді қосыңыз. Гүленнің АҚШ-қа не үшін қашып барған сыры да осы жерде белгілі болды. Мысалы, АҚШ-тағы Гүленнің сол елде тұруы үшін қажетті рұқсат қағазды алуы үшін ондаған ЦРУ-дың жетекшілерінің, Еврейлердің ықпалды тұлғаларының , Армияндардың сондай–ақ Христан діни жетекшілерінің кепілдік бергенін айтсақ, кімнің мүдесі үшін қызмет істеп жүргені айтпай-ақ та түсінікті болады. Осылайша, жымысқы саясатты мықты пайдаланған Түрік жаулары демократия деген желеумен билікті иеленді. Әйтпегенде, түріктен ел басқаратын ұл тумады дейсіз бе? Тек жетекшілердің бетіндегі діни масканы ғана көріп, ішін түсінбеген аңқау халықтың бейкүнә, талғамсыз шешімі елдің бағын байлады. Енді, тарихта отарланғандар түріктерден өшін алудың басқышына өтті. Осылайша Кіші Азия түбегіндегі түркі туыстарды құртуға ұмтылуда. Араб ұлтында: «мақсатыңа жету үшін екі жүзді бол» деген мақал бар. Түрік ұлты болып жасанып кірген жау түрік мемлекетінің көрін қазіп жатқанын түсінген жөн.
Екіншіден, қай ел де болмасын, Діни зомбилендіру саясаты сол елді құртудың алғышартына айналады. Түркияда бұдан қағыс қалған жоқ. Бұл жоғарыда айтылды. Оған әке-шешесін, аға-інісін аямайтын қараниет халық Уахабиттер мен Салафиттерді қосыңыз. Алла-Тағаланың топас, бұзылған халыққа пайғампарларды жіберуі де осы зұлымдықтардың алдын алу үшін болса керек. Деседе, арабтар ақыры еврейлердің табанында тапталып бара жатыр. Либия кері шегінді, Египет пирамидаларын саудаға шығарды, Сауд-Арабия вахабистердің отанына айналды, Сирияда жауласқан екі жақ бірінің жүрегін бірі тірідей суырып жеген арабтарды интернетке таратып жіберді. Оған «Ислем Мемлекеті» атты ұшқары ұйымның қуыршақ үкіметін қосыңыз. Бұл қандай мұсұлмандық? Бұл шыңғырған шындық, топастық, қатыгездік.
Үшіншіден, Иранда күрдтер мен әзербайжандар өте көп. Ал армиянментарихижаулық бар. Сирияда, Ирақтакурдтерқаптапжүр. Израиль болса, Түркияныөзмойнынақадалғаншөгірретіндеқарайды. Ал Батыселдері Түрікелініңқарқындыдамуы мен евроазиялықбағытқа бет бұруынанқорқады.
Ердоған үкіметі ИМ-ін ашық әрі барынша қолдап отыр
Біріншіден, 1 млн астам әскері бар Түркия елі «Ирак соғыс» кезінде АҚШ әскерлері мен Ирак, күрд жасақтары Түркімендерді қынадай қырғанда ештеңе деген жоқ. Шекарасын ашып, көмек те бермеді. Ал ИМ-нің басына зауал келгенде Түркіменшіл болып екі жүзділенуі күлкіңді келтіреді. Тіптен, неше жүз рет шекарасын бұзған Грек ұшақтарын атпаған Түрік билігінің бірнеше ретке бола Орыс ұшағын атуы саяси тапсырыс. Әйтпесе бұл мәселені басқа жолмен шешуге болар еді.
Екіншіден, Орта Азия және Ресей азаматтары Түркия арқылы Сирия еліндегі ИМ-іне көмекке барып, соғысқа қатысуда. Тіптен оларды Түркияда дайындықтан өткізгені туралы да ақпараттар жарыққа шықты. Осылайша ИМ-не ашық және жасырын түрде әскери көмек берді. Мыңдаған Орта Азиялық Уахабистер мен Салафиттер еш кедергісіз Түркі жері арқылы Сирияға өтті. Бұл күдік пен күманға толы емес пе?
Үшіншіден, Тіптен, ИМ мұнайын Түркия арқылы сатып, сауда жасағыны да ашыққа шықты. Орыс әуе армиясы олардың 460 мұнай тасымалдаған техникаларын құртып жіберді. Бұл да «бүлінгеннен бүлдірге алып жатқан» Ердоған билігінің шыдамын тауысты.
Ердоған билігінің тақсыретін Түркия халқы ғана емес Түркі жұрты тартуда
Түркия онсызда ЕвроОдақ үшін шақырылмаған қонақ. Діні де тілі де өзгеше елді АҚШ бастаған батыс елдері тек пайдаланып отырғаны да жасырын емес. Түркия билігі сөз жүзінде Түркі жұртына жақындаған сыңай танытқанымен, шын мәнінде Түркілерден алыстап барады. Тек мәдени шаралардан аспай отыр.
Біріншіден, Түрік билігі Түркия халқын нәпәқасынан айыруда. Түркия билігінің Орта Азия және ТМД елдерімен арадағы экономикалық байланыс барған сайын әлсіреуде. Тіптен, кешегі «СУ-25 ұшағы» оқиғасы себебінен де жүз млилиардтаған АҚШ долларындық нәпақадан қағылуы мүмкін. Жылына Түркия жағажайына баратын туристердің 35 пайызы орыстар. Орыс туристерінің өзі де Түркия үшін зор жоғалту. Оған әскери, техникалық, өнеркәсіптік, құрылыс жағынан пайда боатын кедергілерді ойлаңыз.
Екіншіден, Түркия билігі түркия халқын азғындату үшін күш салуда. Мысалы, ешқандай тәрбиелік құны жоқ түрік сериялдарын атасақ та жетіп жатыр. Тек бір-бірінің әйелдерін алып қашып, ойнас жасайтын, қырып-жоятын кинолар кімге керек?
Үшіншіден, Қазақстан сынды Орыс ықпалынан шыға алмай отырған Орта Азиялық елдер үшін де зор жоғалту. Әйтпегенде, қуатты Түркия мемлекеті бізге көп медеу, қуат болар еді.
Төртіншіден, Ресей ТЮРКСОЙ ұйымының ресейдегі жұмысын шектеді. Осылайша Татар, Башқұрт, Саха, Алтай қатарлы түркі жұртының мәдени, рухани байланыстарына да залал келуде.
Өкінішке орай, Ресей негізінен Түркияға кіріптар емес. Тіптен, орыс туристерінің үркияға баруының шектелуінің өзі –ақ ресей үшін шетке ағылған ақшаның азаюын тудырады әрі Қырымға баратын туристерді көбейтуі мүмкін.
Демек, жоғарыдағы себептерден қарағанда Осман империясының аманатын арқалаған түрік елін сақтап қалу үшін олар Еуразиялық топқа бет бұрулары керек.
Екіншіден, радикалды исламистердің жолын тосып, Ататүріктің бағытын қалпына келтіру тиіс.
Үшіншіден, түрік атын жамылған батыс пен еврейлердің қуыршақ билігінен құтылғаны абзал.
Төртіншіден, халықтың идеологиялық-саяси сапасын көтеріп, ұлы тұраншылдықты жандандырулары қажет.
PS: Елді жалаңаш патриоттық пен эмоция құтқармайды! Елді салихалы саясат ғана тығырықтан алып шығады! Еліміз аман әрі тыныш болсын!
Алтай Бұқарбаев