– Әрине, бiздi бүгiн шапқалы жатқан жау жоқ. Бiрақ тәуелсiздiк алғалы берi 22 жыл өтсе де, өзiмiздi-өзiмiз ұлт ретiнде әлi де толық сезiне алғамыз жоқ. Қазақ тiлiнiң өрiсi өсудiң, кеңеюдiң орнына тарылып барады. Орыс тiлi әлi де билiк тiлi болып қалып отыр. Бизнестiң қарқынын орыстың әуселесi басып барады. Аттай 300 жыл құл қылған, бодан еткен қожайынымыздан iргемiздi толық ажыратып алмай жатып, қайтадан “ЕврАзэс”, “Кедендiк одақ” деген тажалдардың тұзағына түсiп қалдық. Бүйте берсек, Ресейдiң сұп-суық сұр шекпенiне қайтадан кiретiн түрiмiз бар.
Егерде “ЕврАзэс”-ке қол қойып, Евразиялық парламент, ортақ валютаға көшетiн болсақ, онда тәуелсiздiкпен қоштасатын күн туатынына мен күмән келтiрмеймiн. Бұрын да орыстардың бiздi отарлау саясаты экономикамен басталып, саясатпен аяқталған болатын. Бiз сорлағанда осыдан сабақ ала алмадық қой.