Бейбіт Сарыбай. Абастың Серігі - 50 жаста

/uploads/thumbnail/20170708151324617_small.jpg

Құдайға серік қоспайтын қазақта Серіктер баршылық. Примерно премъер Серік Ахметов пен менің туған ағам Серік Сарыбаевтардың арасында біршама серіктар бар. Құдайға қоспасақ та Әбішұлына қосуға болатын шығар. Елбасымыздың сенімді серігі болған Серік Әбікенұлы Үмбетов та бар. Демек, қазақ Серікке кенде емес. Сол Серіктердің ішінде қазақ тележурналистикасында өзіндік қолтаңбаларын қалдырған үш Серік бар. Серік Жанболат, Серік Әбікенұлы, Серік Абас-Шах.Осы үш Серіктің ішіндегі Абасовты - "Жұлдыздар фабрикасы" деуге болады. Бекжан Тұрыс, Дулыға Ақмолда, Шынар Жанысбековалардан бастап бүгінгі мега-жұлдыз Бейсен Құранбек ағамыздың аралығындағы біраз қазақтың жұлдызының жануына себепкер болды. Ақталмаған үміті Саламат Омаш екеуміз ғана. Ол енді өзіміздің сорымыз... "Менің атым - Қожадағы" Рахманов ағай Майқановаға - Мен Сұлтанның шамшырағын жаға алмадым,-деуші еді ғой. Содан соң Қожа жиналысқа түсіп жатқанда Майқанова мысқылдап: Шамшырағыңыз жанды ма? деуші еді ғой. Мен сол Қожа сияқты, Сұлтан сияқты шамшырағы жаныңқыраған шәкірттерінің, достарының атынан құттықтап отырмын. Жантастар өздері-ақ құттықтап үлгерген болар.

1604393_639635052740495_1328098214_n

Бұл кісінің негізгі туған күні 29 ақпан. (кібісе жылы туған ғой) Бүгін 28-ақпан. Ертең-1 наурыз. Демек 23:59 28 ақпан болап, 00:01 1 наурыз болып саналар. Осы екі аралықтағы 00:00-дегі туылған күніңіз құтты болсын аға. Бастың амандығы мен бауырдың бүтіндігі бірінші кезекте, әрине. Бірінші тілек сол болсын. Екінші тілек шығармашылық жетістік. Осы екі тілекті тіледім. Алладан амандық сұрайық. Басқасын өзіңіз жасап аласыз. *** Хабарда басқа емес Шах болды аңыз. Сол Шахқа біз де бір күн тап болғамыз. Сіздің де айтарыңыз болып жатса, ,,,,,,50 77-ге хат жолдаңыз. Біз енді айтар болсақ бетке айтамыз. Бұндайда басқа емес, Һақ қолдаңыз. Ал, аға сізге айтар тілегіміз - Ешқашан жамандыққа тап болмаңыз. Секемсіп сөйлейтіндер аз емес қой, Сіз әркез дәл осылай сақ болмаңыз. Сұлуды сүймек сүннет болғанымен, Жеңгейден басқа жанға бақ болмаңыз. Адалдардан армия жасақтаңыз, Арамдарға ешқашан жақ болмаңыз. Жақсының жаттығы жоқ дейді қазақ, Қазақта ешбір жанға жат болмаңыз. Азбандай арқыраған қайран Секе, Өтінем, қамыт киген ат болмаңыз. Бұл өмір Шахматтың тақтасы ғой, Шах көке ешқашанда мат болмаңыз!

Связанные Статьи