Белгілі ұлт жанашырлары Мұхтар Тайжан, Айдос Жұқанұлы, Қасым Аманжолұлы Алматы қаласы, Тілдерді дамыту, мұрғаттар және құжаттама басқармасына Алматы қаласындағы Мирзоян көшесінің атын өзгерту туралы хат жазған екен. Оған басқармадан қандай жауап келгенін қараңыз:
Ал, мұнда аталған Мирзоян кім еді? Уалиханов институты не айтып отыр? Зер салайық: Левон Исаевич Мирзоян, 1933-1938 жылдар аралығында Қазақстан Орталық Партия Комитетінің бірінші хатшысы болған. Ол саяси қуғындаумен қатар, жоспарлы жүзеге асырылған ату-асу шараларын атқарған Мирзоян еді. Қазақстанда басшылықта болған жылдарында 1760 қазақты мерт қылған. Яғни 5 жылдан астам уақытта күн сайын бір қазақты құрбандыққа шалып отырған деуге келеді.
Басқаны қойшы, дардай аты бар Уәлиханов атындағы институт не айтып отыр? "Л.И.Мирзоян атындағы көшені өзгерту мәселесінде, біріншіден, асықпаған жөн. Екіншіден, заңнамаға сәйкес ол бойынша Ономастикалық комиссия шешім қабылдауы керек" депті ғалымдар. Ендеше, өздері айтқандай "Қазақстандағы ашаршылық зардаптарын жеңуге үлкен еңбек сіңірген" Мирзоян мырзаның атын Алматы қаласының көшесіне емес институттарының атына қойғаны жөн. Өйткені Уәлиханов атын көтере алмайтыны жоғарыдағы емеуріндерінен-ақ көрініп тұр.