Өз ойым өзімде! Украина мен Ресей арасында тұтанған отты кейбіреулер Кремльдің бандиттік билігінен көруде. Яғни, оған Путин мен Медведев қана кінәлі деседі. Мен өз басым бұл оймен келіспеймін. Өйткені, Ресей - Ресей болғалы билік басында дені дұрыс адам отырған жоқ. Өл де, бірақ жібі түзу патшасын есіме түсіре алмаймын. Сонау, Йоан Грозныйдан бастап, Кеңестік кеңкелестерге дейін... Яғни, бұл империялық кеселге душар болған күллі орыс халқының трагедиясы. Украина мысалында қарапайым орыс халқының пиғылын таныдық. Бірен-сарандар болмаса, бүкіл телеарна, әлеуметтік желі, газет-журналда украин бауырлары туралы бір жылы лебіз айтып, патшасына қарсы шыққанын естімедік. 350 жылдық гегемондық, ұлыдержавашылдық, өзге ұлттардың ұлысы болу оңай емес. "Хитрой ж-пе ... с винтом" деген де орекеңнің өз сөзі. Әзірге ондай винтті мүше табылмай тұр. Бірақ орыс халқын осы кесел орға жықпай тынбайды. Ал қазіргі жағдай бойынша Ресей Украинаға оқ ата алмайды. Оған Кремльдің шамасы жетпейді. Путиндік биліктің көксегені - қан төгу. Оларға қой тоғытатын тоғандай қан емес, теңіздей қан қажет! Мейлі, ол орыстың, татардың, украинның, грузиннің қаны болсын, бәрібір. Әйтеуір, Украина ішінде азаматтық өрт тұтанып, бір-бірін қырып бастаса болғаны. Хаос орнағаны керек. Сол үшін "дереу әскер кіргізіп, орыстардың құқығын қорғау" деген ұран көтерді. Жедел паспорт таратуға кірісті. Сепаратистерге жел беріп, демеп жатыр. Қайтсе де ұзаққа созылар азаматтық соғыс өртін тұтатуы қажет! Сол кезде Еуропалық Одақ, АҚШ, әлемдік қауымдастық алдында Украинада шын мәнінде төңкеріс емес, "бүліктің" орын алғаны "мәлім" болар еді. Ол кезде әлгі демократтар Украинаны сабасына түсіріп бер деп Ресейге жалынар еді. Міне, сонда Путин әлем алдында сүттен ақ, судан таза болып шығар еді де, посткеңестікте толық қожалыққа ие болар еді...